Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жамбылдық полицейлер 60 жастағы ер адамды аман алып қалды

Жаңатас қаласының тұрғындары жамбылдық полицейлерге көршісін құтқарғаны үшін алғыстарын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 1 ақпанында Сарысу ауданының полиция бөлімі жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторы Абзал Асаубайға Жаңатас шағын ауданының тұрғындары көмек сұрап жүгінді.

Олардың көршісі, 60 жастағы ер адам бірнеше күн бойы пәтерден шықпаған және телефонына жауап бермеген. Мазасызданған көршілер учаскелік полиция инспекторын шақыруды шешті.

Көрсетілген мекенжайға келген полиция қызметкері Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлерін есікті бұзуға шақырады. Олар пәтердің ішіне кіргенде еденде ес-түссіз жатқан адамды көреді. Учаскелік инспектор жедел жәрдем бригадасының келуін күтпей, ер адамды көрпеге жатқызып, құтқарушылардың көмегімен өз автокөлігімен ауруханаға жеткізу үшін төменге түсірді.

Бес минут ішінде полиция қызметкері зардап шеккен адамды ауруханаға жеткізіп, дәрігерлердің қолына тапсырды. Қазір ер адамның денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Алғыс білдірген тұрғындар бейнежазба жолдап, онда Сарысу ауданы полиция бөлімінің барлық жеке құрамына, атап айтқанда, өздерінің учаскелік полиция инспекторына кәсіби атқарған мінсіз жұмысы мен зор адамгершілігі үшін алғыстарын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру