Алматы облысының ПД бастығы жүргізушілерге кеңес берді
Алматы облысының ПД бастығы Серік Кудебаев жүргізушілерге кеңес берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Кудебаев тұрғындармен онлайн тәртіпте кездесу соңында жүргізушілерге үндеу тастады. Облыстың бас полицейі бір күн бұрын жауын жауып, бүгін қарға ұласуына байланысты жолда қауіпсізідік шараларын сақтауды және жылдамдықты арттырмауды ескертті.
– Ауа-райының өзгеруіне байланысты жолдар өте тайғанақ және қауіпті. Осыған орай, барынша байқап жүрулеріңізді сұраймын. Мүмкін болса, бүгін жолға шықпауға кеңес беремін,- деді Алматы облысы Полиция департаментінің бастығы Серік Кудебаев.
Алматы облысы жол сақшыларының ақпараты бойынша жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы облысының аумағындағы кейбір автожолдар жабылды. Атап айтқанда, Алматы-Өскемен автожолының 480-615 шақырымдарында барлық көлік түрлерінің жүруіне шектеу қойылды.