«Автоураган»: Түркістан облысында жол жүру ережесін бұзған жүргізушілер анықталды
Түркістан облысында «Автоураган» автокөлігімен жол жүру ережесін бұзушылар анықталуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Түркістан облысы Полиция департаменті Әкімшілік полиция басқармасына және Полиция департаментіне жаңадан «Автоураган» автокөлігі берілген болатын. Қазіргі таңда осы автокөліктің көмегімен жол жүру ережесін бұзушылар анықталуда. Егерде жол-патрульдік полиция қызметкерлері айыппұлдарды төлемеген жүргізушіні анықтау мақсатында қатарынан бірнеше көлікті тоқтату керек болса, бұл іс «Автоураган» арқылы жылдам жүзеге асады. Атап айтсақ, арнайы база айыппұл төлемеген жүргізушілердің көлігінің мемлекеттік нөмірлерін анықтап, полиция қызметкерлеріне хабарлайды.
Осы тұста ТО ПД Әкімшілік полиция практика бөлімінің аға инспекторы Ғалымжан Әшіров былай деді: – ТО ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлерімен бірге Жергілікті полиция басқармасына бағынысты патрульдік полиция батальон қызметкерлері жаңадан берілген «Автоураган» автокөлігі құралымен жұмыстар атқаруда. Бұл автоураган автокөлігінің басты міндетіне – бүкіл ҚР-да іздеуде жүрген автокөліктердің тізімі, сот орындаушыларынан айыппұлдарды төлемей жүрген көліктер тізімі және басқа да түрлі құқық бұзушылықтармен іздеуде жүрген автокөліктер қатары енгізілген. Егер бейнебақылау камерасына түскен автокөліктер осы тізімдердің қатарында болатын болса, ол тәртіп сақшыларымен тоқтатылып, оған тиісті хабарламасы жазбаша түрде ұсынылады.
Өз кезегінде полицейлер жүргізушілерге жол ережелерін қатаң сақтауды және арнайы база арқылы айыппұл төлемеген жүргізушілерге берешектерін уақытылы төлеуді ескертеді.