Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәжікстан Республикасы азаматы түркістандық полицейлерге алғысын білдірді

Түркістан облысының полицейлері Тәжікстан Республикасы азаматының алғысын алды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы Бәйдібек ауданының патрульдік полицейлері патрульдеу кезінде Шымкент-Термез тас жолында батпақтан жүре алмай қалған ауыр жүк көлігін байқайды. Қар мен топырақтан жиналған жол жиегіндегі батпаққа жүк көлігінің дөңгелектері батып, қозғала алмай тұр екен. Жолдарда осындай жайттарға диі кездесетін тәртіп сақшылары көліктеріне әдейілеп салып жүрген күректерін алып, көлік жүргізушісіне көмекке келді. Полицейлер кезектесіп, дөңгелектің түбіндегі ылғал топырақтарды тазалап, жәрдем берді. Осылайша небары бірнеше сағаттың ішінде ауыр жүк көлігі қайта жол бойына шығарылды.

Тәртіп сақшыларының жанашырлық танытып, қолғабыс еткеніне дән риза болған азамат өз алғысын жеткізді.

– Мен Тәжікстан Республикасының азаматымын. Түркістан облысының патрульдік полицейлеріне, Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің жігіттеріне үлкен рақмет. Осы жерде көлігім батпаққа батып қалып еді, полицейлер маған көмек көрсетті. Рақмет!, – деген шетелдік азамат өз алғысын айтты.

Түркістан облысының полицейлері көлік жүргізушілеріне жолдарда абай болып, жылдамдықты асырмау керектігін ескертеді. Егер де ұзақ жолға шығуды жоспарласаңыз, онда міндетті түрде көлігіңізді соған сай жабдықтап, қажетті заттарды жаныңызда ұстаңыз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру