Ақтөбеде 10 жастағы бала мектепке кетіп, үйіне қайта оралмаған
Ақтөбеде 10 жасар бала мектепке кетіп, қайтып оралмады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
16 ақпанда полицияға қала тұрғыны 5-сынып оқушысы кәмелетке толмаған баласын іздеуге көмектесуін сұрап жүгінді, ол сағат 13:00 шамасында мектепке барып, осы уақытқа дейін оралмаған. Баланың жоғалып кеткенін кешке анасы үйге келгенде анықталды.
Анасының айтуынша, 10 жастағы бала мектепке баратын болып, үйден шығып кеткен, бірақ оқу орнына бармаған. Белгілі болғандай, ол сынып жетекшісіне хабарласып, анасының ауырып жатқандығына байланысты мектепке бара алмайтынын айтқан. Содан кейін қыдырып кеткен.
Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері кешкі сағат 22.00 шамасында «KeruenCity» сауда-ойын-сауық орталығында жоғалған баланы тауып, оны ата-анасына қайтарды.
Құрметті ата-аналар, егер бала кетіп, қайтып оралмаса, үйден бірнеше рет кетсе де, полицияға дереу хабарласуды сұраймыз. Себебі ол адасып немесе қылмыстың құрбаны болу мүмкін. Абай болыңыздар. Балаларды ұзақ уақыт қараусыз қалдырмаңыз! Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз.