Ақмола облысында «Қауіпсіз жол» алдын алу іс-шарасы өткізіліп жатыр
Ақмола облысында «Қауіпсіз жол» республикалық акциясы өткізілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жол-көлік оқиғаларын азайту, жол қозғалысы ережелерін бұзуды болдырмау және анықтау мақсатында 17-19 ақпан аралығында карантиндік шаралар мен полиция қызметкерлерінің жеке қауіпсіздігін сақтай, мүдделі мемлекеттік органдарды тарта отырып, «Қауіпсіз жол» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы жүргізілуде.
Жедел-алдын алу іс-шарасы аясында тәртіп сақшылары бірқатар рейдтік және профилактикалық іс-шаралар өткізеді, олардың барысында жол қозғалысы ережелерін бұзуды анықтап, жолын кеседі, бұл облыстағы жол-көлік оқиғаларының төмендеуіне әсер етеді.
Сонымен қатар, жол қозғалысын қадағалауға қызметкерлерді тарта отырып, автожолдардағы патрульдік жасақтардың тығыздығы артты.
Айта кету керек, жыл басынан бері облыс аумағында полиция қызметкерлері жол қозғалысы ережелерін бұзудың 1000-нан астам дерегін тіркеді, олардың ішінде жылдамдық режимін арттырудың 139 дерегі, жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзуының 145 дерегі және қауіпсіздік белдігін тақпаудың 113 дерегі бар.
Осыған байланысты, Ақмола полицейлері жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қозғалысы ережелерін бұзбауды және жолдың қауіптілігі жоғары аймақ екенін ұмытпауды сұрайды.