Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпарды анықтады
Түркістан облысының полицейлері кезекті көкпарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша күнделікті қарқынды жұмыс атқаруда. Осындай кезекті рейд барысында, күндізгі сағат 13:30 шамасында Мақтаарал ауданы, Мырзакент кентіне бекітілген учаскелік полиция инспекторлары Мақтаарал ауданы бойынша құрылған мобильдік топпен бірге Бірлік ауыл әкімшілігі, Қ.Пернебаев ауылына қарасты егістік алқапта 60-қа жуық адамның басын қосып, көкпар іс-шарасын ұйымдастырып жатқанын анықтады. Тәртіп сақшылары көкпарға жиналған қауым ды тарқатты. Сонымен қатар, мобильдік топ белгіленген талапты сақтамай, көкпар ойынына келген тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Бұдан бөлек, адамдардың көптеп жиналуына жол берген жоғарыда аталған көкпар ойынының ұйымдастырушысына ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша әкімшілік құжаттар жинақталды.
Жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдану үшін СЭС-ке жолданды.
Өз кезегінде Мақтаарал ауданы полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысындағы шектеулерді сақтауға шақырады. Ең дұрысы, сыртқа шыққанда бетперде тағып жүріңіздер, арақашықтықты сақтаңыздар.