Солтүстіктің тұрғыны жалға алған үйден ұрлық жасады
СҚО полицейлері жалға алған үйден ұрлық жасады деген күдікті тұрғынды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО Қызылжар ауданының тұрғыны темір жылыту қазандығының ұрланғандығын айтып Якорь ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Әлібек Елубаевқа жүгінген. Мүлік әйел адам жалға тапсырған жеке меншік үйінен жоғалған. Бір күні әйелдің ұлы пәтерді жалға алушыға кіріп шығуға барса, әлгі адам үй иесін екертпестен көшіп кеткен. Пештің құны 100 мың теңге тұратын темір қазандығы болмаған. Учаскелік полиция инспекторы өзінің әріптесі Бахтияр Садуовпен кезекші тәулікте бұрын мүліктік қылмыс жасағаны үшін сотты болған 25 жасар аудан тұрғынын анықтады. Пәтерді жалға алушы қазандықты алыпсатарлаға өткізіп, басқа ауылға кетіп қалған. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдікті ұсталды, полицейлер жоғалған мүлікті заңды иесіне қайтару үшін шаралар қолдануда.
– Жалпы ауданда бөтеннің мүлкін ұрлау қылмысының азайғаны байқалады, – деді Қызылжар ауданы полиция бөлімі бастығының міндетін атқарушы Жәнібек Мұхамадиев. – Пәтерден ұрлау, заңсыз кіру сияқты ұрлық түрлері айтарлықтай азайды. Бұл криминалдық полиция қызметкерлерінің ғана емес, учаскелік полиция инспекторларының да еңбегі. Халықпен тығыз қарым-қатынас жасау – туындаған проблемаларға жедел ден қоюдың негізі, бұл адамдардың құқықтық тәртіп органдарына деген сенімдерін арттырады.