Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазығұрттық көші-қон полицейлері 102 жастағы тұрғынды құжаттандырды

Қазығұрттық көші-қон полицейлері 102 жастағы ақ жаулықты анамыз бен ұлының төлқұжатын жаңартып берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазығұрт АПБ-нің полицейлері аудан бойынша денсаулығы төмен және қарт кісілерге көмек беру мақсатында құрылған мобильдік топ мүшелері халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірлесіп, бірнеше тұрғынның үйіне барды.

Көші-қондық полицейлер Қазығұрт ауданына қарасты, Қазығұрт ауылының тұрғыны «Алтын алқа» иегері 102 жастағы Сыдыкова Каныт әжеміздің немерелері төлқұжатының мерзімі өткенін айтқан. Сондай-ақ осы қарт анамыздың баласы Сыдықов Бактылы ағамыздың жүріп тұруы қиын екенін көрсеткен. Осыған орай, полицейлер халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен бірге, егде жастағы анамыз бен оның ұлына жаңа төлқұжат табыс етті. Қазіргі таңда 102-ге келген ана үш ұл, бес қыз өсіріп, одан 38 немере сүйіп, 94 шөберені өсіріп отыр.

Үлкенге құрмет көрсетіп, қамқорлық танытқан көші-қон қызметі тобының инспекторы Есенжан Жанысбаевқа кейуанамыз үлкен алғысын білдірді. Қарт анамыздың ақ батасын алған полицейлер әрі қарай өз жұмыстарын жалғастыра беретінін айтты.

Түркістан облысының полицейлері карантин режимін сақтай отырып, әрбір қала, аудандағы егде жастағы тұрғындардың жеке куәліктерінің мерзімі өткендерін қайта рәсімдеуге көмектесуде. Жүріп-тұруы қиын азаматтар мен қарттардың құжаттарын жаңартуға бағытталған жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру