СҚО-да кәсіпкерлер туысын «жерлемек» болған аудан тұрғынына қаражат берді
Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкерлер туысын «жерлемек» болған аудан тұрғынына қаражат берген, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шал ақын ауданының полицейлері тонауды тергей келе, арсыз алаяқтықтың екі эпизодын анықтады. 15 ақпан күні бұрын істі болған аудан орталығы Сергеевканың 29 жастағы тұрғыны дүкендердің бірін тонады деген күдікпен ұсталып, тергеу изоляторына қамалды. Тергеу кезінде өткен жылдың желтоқсан айында күдікті әпкесінің жерлеу рәсіміне қаржы болмай тұрғанын алға тартып, тұрғылықты тұрғыннан 50 мың теңге сұраған. Оның ешқандай әпкесі болмаған екен, жолы болып айласын жүзеге асырған. Қаңтар айында күдікті қара жұмысшы болып жұмысқа орналасады. Екі апта жұмыс істегеннен кейін басшысына анасын «жерлеуге» материалдық көмек сұрап жүгінеді. Әйелдің аман-есен екендігінен ешқандай хабары болмаған кәсіпкер өтінішін жерге тастамай, 62 мың теңге береді. Бұдан кейін күдікті жұмысқа шықпаған. Аталған фактілер Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша енгізілді.
– Жыл басынан ауданда аталған екі алаяқтық фактісі тіркелді, – деді аудандық полиция бөлімінің бастығы Руслан Мұхамбетжанов. – Өткен жылы бес алаяқтық тіркелді, үш жағдайда шалақындықтар интернет-алаяқтардың құрбаны болған. Аталған қылмыстың жалпы санынан үшеуі ашылды, екеуі интернет арқылы жасалған.