Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қазақ тілінен өткен байқауда Петропавлдан нәзік жанды полицей жеңіске жетті

Қазақ тілінен өткен байқауда Петропавлдан нәзік жанды полицей жеңіске жетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО әкімдігі жанындағы Тілдерді оқыту орталығы ұйымдастырған онлайн-байқауда Петропавл қ. ПБ арнайы қабылдау орнының қызметкері полиция аға сержанты Серафима Окишева жеңіп алды. Ол мектеп қабырғасында жүрген кезінен бастап қазақ тілін үйренуге қызығушылық танытқан. Сабақтарды үздік оқып, барлық жерде мектепте алған білімін шыңдауға септесетін сұхбаттасушыларды табуға тырысты. Алған білімі өз нәтижесін берді: бүгінде ол екі тілді жетік меңгерген, мемлекеттік тілде іс қағаздарын сенімді жүргізеді.

Байқау Жамбылдың 175 жылдығына орайластырылды. Серафима Окишева қатысу үшін ұлы ақынның нақышына келтіре оқыған «Ленинградтық өренім» өлеңі жазылған бейнеролик жіберді.

– «Ленинградтық өренім» өлеңі Жамбылға бүкіл Кеңес Одағының лайықты бағасын берді, – дейді нәзік жанды полицей. – Блокаданы басынан өткерген батырлардың ұрпақтары әлі күнге дейін «Қарт Жамбылдың» рухты өлең жолдарын құрмет тұтады. Ақынның бұл өлеңін сүйім оқимын.

Әділқазылар Серафиманың өлең оқудағы тіл тазалығын, тереңдігін бағалады. Бейнеролик қала шегінде, ақынның ескерткіші мен Ұлы Отан соғысына қатысқан солтүстікқазақстандық тәртіп сақшыларына арналған облыстық полиция музейіндегі жәдігерлер алдында түсірілді.

СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың айтуынша, жеке құрамның мемлекеттік тілді меңгеруге деген ұмтылысы облыстық полиция ведомствосында жан-жақты қолдау табуда. Қызметкерлерге арналған сабақтар тұрақты өткізіледі. Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі қазақ тілін насихаттауға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда.

– Байқауда иеленген лайықты жеңіс Халықаралық әйелдер күніне орай мақсаты айқын қызметкерге ерекше сыйлық, ал әріптестеріне мемлекеттік тілді одан әрі үйренуі үшін жақсы серпін болды, – деп атап өтті Марат Төлебаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру