СҚО полицейлері көпбалалы отбасы үйінің маңын қардан тазартты
СҚО полицейлері ауыр техниканы шақыртып, көпбалалы отбасы үйінің маңын қардан тазартуға қолғабыс етті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
СҚО полицейлері Қазақстан халқы асыға күтіп отырған көктемді, оның қарсаңында өтетін қайырымдылық акциясына қатысуда. Он шақты жанға әлеуметтік көмек көрсетілді. Құшақтары гүлге, сыйлыққа толы полицейлер алғыс сөздерін білдіре отыра, Ұлы Отан соғысы мен ішкі істер органдарының ардагерлеріне, тыл еңбеккерлеріне, ҰОС ардагерлерінің жесірлеріне барып қайтты.
Сондай-ақ тәртіп сақшылары Отбасылық үлгідегі балалар ауылына да ат басын бұрды. Полицейлер халықтың әлеуметтік осал топтарына: жалғыз басты егде жандарға, жетімдерге, мүмкіндіктері шектеулі балаларға, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға да басты көңіл бөлді.
Аудандық бөліністер де бұл істен шет қалған жоқ. Полицейлерге қайда барса да өздерімен бірге күрек алып жүрулеріне тура келген: осы бір көктемдегі қайырымдылық көмек көрсетудегі ең өзектілігі жалғыз тұратын зейнеткерлердің аулаларын қардан тазартуға қолғабыс ету болып табылады. Тәртіп сақшылары Қызылжар, Жамбыл, Есіл, Уәлиханов, М.Жұмабаев пен Шал ақын аудандарындағы қария адамдарға осындай көмек көрсетті. Полицейлерге Ғ.Мүсірепов ат. аудандағы ауылдардың бірінде қиын жағдайға тап болған отбасын анықтаған. Ауыл тұрғынының жағарға көмірі таусылып, әкелуіне мүмкіндігі болмаған: алты баласымен отырған үйі қар құрсауында қалған. Тәртіп сақшылары «Михеев» ЖК жүгінген, басшының берген ауыр техникасының көмегі арқасында үйге барар жолды аршу мүмкін болды.
– Көктем – барлық игі істердің бастауы, – дейді СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев. – Полиция қызметкерлері барлығы елуге тарта мекенжайға барып қайтты. Халықтың әлеуметтік осал топтарына көмек тек мерекеде ғана емес, басқа уақыттарда да көрсетілетінін атап кеткен жөн. Көптеген бөліністер өздері бастамашылық танытып, көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсетуде. Қайырымдылық – әділдікті қорғауға, дені сау, саламатты қоғамды құруға бағытталған полиция жұмысының маңызды бөлігі.