Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған кезекті браконьерлерді ұстады
Түркістан облысының полицейлері заңсыз балық аулаған кезекті браконьерлерді ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шардара АПБ-нің кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Бекмұхамбет Тенгебаев және Құрманғазы Абдикаликов Шардара су қоймасынан браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлама жасады.
Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері екі браконьердің су қоймасына балық аулайтын ау торымен заңсыз балық аулап жатқандары анықталды. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Сондай-ақ күдікті азаматтар Шардара қаласының тұрғындары болып шықты.
Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді. Браконьерлерден 120 келіге жуық балық пен балық аулау құралдары тәркіленді.
Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда екі күдікті азамат қолхатта.
Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жою заң аясында жауапқа тартылатынын еске салады.