СҚО полицейлері елікті заңсыз атуда күдікті адамдарды ұстады
Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері елікті заңсыз атуда күдікті адамдарды ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
9 наурыз күні Тайынша ауданының полиция бөліміне ауылдардың бірінің тұрғындарынан жақын жерде атылған қарудың дыбысын естігендері туралы хабарлама келіп түсті.
Ауыл маңынан ауданның екі тұрғыны және сібір елігін атып алған орын анықталды. Олардың бірі 36 жастағы қару иесі жануарды атты деген күдікке ілінді. Оқиға орнынан еліктің еті, қарда жүргіш, екі атылған гильза, тіркелген екі ұңғылы мылтық табылды.
Аталған факті Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы (Заңсыз аңшылық) бойынша енгізілді. Тергеу әрекеттері жүргізілуде.
– Бұл ауданда ағымдағы жылы тіркелген заңсыз аңшылықтың алғашқы фактісі,-деді Тайынша ауданы полиция бөлімінің бастығы Нұрлыжан Ақтанов. – Аталған фактілерді болдырмау үшін тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар жүргізіледі. Іс-шараларға аудандық полиция бөлімінің, СҚО Полиция департаменті ЖПҚБ табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері, мүдделі ведомстволардың өкілдері қатысады. Табиғатты браконьерлерден қорғау – аудандық полиция бөліністерінің алдындағы маңызды міндеттердің бірі.