Кибералаяқ Петропавл тұрғындарынан 7,5 миллион теңге ақша жымқырған
Кибералаяқ Петропавл тұрғындарынан 7,5 миллион теңге ақша жымқырған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Петропавл полицейлері қала тұрғындарына қатысты бірнеше интернет-алаяқтық бойынша материалдарды сотқа тапсырды. Оларды жасауда Шымкент қаласының 31 жастағы тұрғыны күдіктелуде. Петропавлдың жедел уәкілдері өткен жылдың желтоқсанында қызметтік іссапар барысында ұстады. Сол уақыттан бері мұқият тергеу жүргізілді. Күдіктінің интернет алаяқтықтың 51 эпизодына қатысы бары анықталды. Келтірілген шығынның сомасы шамамен жеті жарым миллион теңгені құрайды.
– Бұл жағдай — қазіргі заманда жеке құпия деректерді сақтап, жария етпеудің маңызды екендігін көрсетеді, — деп түсіндіре кетті Петропавл қ. ПБ бастығы Жандос Мұқатов. — Зардап шеккендердің бәрі полицияға белгісіз адамның шағын несие беру ұйымдарында займдарды ресімдеуі туралы арызбен жүгінген. Бұл олардың бәрі бір кездері біреулерге өз жеке құжаттарының суреттерін жіберуінен мүмкін болған. Естеріңізге саламыз: егер жеке куәліктің суретін ашық жіберу қажет болса, міндетті түрде ЖСН мен толық атыңызды жабуыңыз керек. Ондай болмаған жағдайда суретті алаяқтар бөгде адамның атына несие ресімдеу үшін пайдалануы мүмкін.
Сондай-ақ қылмыскерлер әңгімелесушілерін бөгде адамның құжаттары арқылы «таныса отырып» хат алмасу кезінде жиі қармағына іліктіріп жатады. Жеке деректерді және банк карталарының деректемелерін, sms-хабарламалармен келетін құпия сөздер мен кодтарды жат көзден сақтау керек.
Бөгде адамның атына несие ресімдеу — интернет алаяқтықтың кең таралған сценарийлерінің бірі. Осындай жолмен шамамен әр сегіз киберқылмыс жасалады.