Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері радикалды діни көзқарастарды жақтаушылардың арасында профилактика жүргізуде

СҚО полицейлері радикалды діни көзқарастарды жақтаушылардың арасында профилактика жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері экстремистік көзқарастардың тартылуына жол бермеу үшін деструктивті діни ағымдарды жақтаушыларға қатысты профилактикалық іс-шараларды ұдайы негізде жүргізіп тұрады. Жұмыс мүдделі мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынаста жүргізіледі. Оның түпкілікті мақсаты – теріс көзқараспен әуестенген адамдарды дәстүрлі діни ағымға бұру, қоғамда таза діни ахуалды ұстау.

– Сенім мәселелеріне қызығушылық танытқан солтүстікқазақстандықтарды тек ресми дерекөздерге ғана сенуге шақырамыз, – дейді СҚО ПД ЭҚІҚБ бастығы Руслан Жарасбаев. – Өздерін жалғыз «шынайы сенушілерміз» деп есептейтін радикалдар көп жағдайда нағыз діни құндылықтардан алшақтау болып келеді. Бұл жерде Петропавл қаласы тұрғыны, салафизм ағымының ұстанушысы 2017 жылы есірткімен заңсыз айналысқаны үшін сотталғанын еске түсірген жеткілікті. Ол намаз арасында каннабиоидтарды қолданудың еш кінәсі жоқ деп есептеген.

Өздерінің «дұрыстығын» көз бояушылықпен көрсететіндерді адамгершілік бағыттағы адам ретінде танымаған абзал.

Қала тұрғынын 120 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартқаннан кейін, онымен профилактикалық жұмыс жүргізу жалғастырылуда. Жалпы, Руслан Жарасбаевтың сөзінше, өңірдегі діни және қоғамдық-саяси ахуал тұрақты, діни белгілер бойынша қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері тіркелген жоқ.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру