Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер көлік ішінде жасалған ұрлық дерегін анықтады

Тараздық полицейлер қысқа мерзімде көлік ішінде жасалған ұрлық дерегін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысының Полиция департаментіне жас жігіттің тергеуші Шындос Ынтызарбекке және Тараз қаласы Полиция басқармасының 1-полиция бөлімі криминалдық полиция бөлімшесінің барлық қызметкерлеріне орын алған ұрлық дерегін қысқа мерзімде ашқаны үшін үлкен алғыс білдірген бейнежазбасы келіп түсті.

Ағымдағы жылдың 10 наурызында «Ауыл-Береке» базарының жанында оның есігі ашық қалған «ВАЗ-2114» автомобилінен көк түсті «Redmi Not 8 Pro» маркалы ұялы телефоны және қара түсті «Samsung Tab A8-295» маркалы планшеті жоғалған. Жалпы материалдық шығын көлемі екі жүз мың теңгеден асады.

Жүргізілген тергеу іс-әрекеттері барысында осы ұрлыққа күдікті ретінде облыс орталығының 33 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталды. Ол кінәсін толық мойындады. Заттай дәлелдемелер, яғни «Redmi Not 8 Pro» маркалы ұялы телефоны мен «Samsung Tab A8-295» маркалы планшеті тәркіленіп, иесіне қайтарылды.

Ұсталған адамға қатысты ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру