Жұмаханбетов: Азаматтардың өтініштеріне ден қою сапасы артып келеді
«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында халықпен кері байланысты қамтамасыз ету мақсатында Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов онлайн-режимде азаматтарды қабылдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Халықтың полицияға сенімін арттыру және олардың проблемалық мәселелерін шешуді көздейтін кездесуге 40-қа жуық тұрғын алдын ала жазылған. Тұрғындар тарапынан көтерілген сауалдар мен ұсыныстардың басым бөлігі жол қауіпсіздігі, қылмыстық істерді тергеу, пәтерді заңсыз тапсыру, тыныштықты бұзу секілді мәселелерге қатысты болды.
Қосымша зерделеуді қажет ететін істердің материалдарын Департамент басшысы жеке бақылауына алды. Қаланың бас полицейі бірқатар фактілер бойынша бөліністердің басшыларына өтініш пен шағымдарды егжей-тегжейлі қарау туралы тиісті тапсырмалар берді.
Азаматтардың мәселесі заңды шешіліп, нәтижелі орындалуын Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы өзі қадағалайтын болады.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жұмаханбетов халықпен кері байланыс орнату және өзара тиімді іс-қимыл жасау мақсатында әр сәрсенбі сайын азаматтарды қабылдайды.