Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО патрульдік полицейлері РФ аумағында іздеуде жүрген солтүстікқазақстандықты ұстады

СҚО патрульдік полицейлері РФ аумағында іздеуде жүрген солтүстікқазақстандықты ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының барлық экипаждары заманауи байланыс техникасымен жабдықталған және ҚР ІІМ деректер базасына ұдайы негізде қол жеткізе алады. 31 наурызда «Петропавл-Ишим» автожолына қызмет көрсету кезде Қызылжар ауданының аумағында тәртіп сақшылары тексеру мақсатында «Audi» автокөлігін тоқтатқан. Тізгінде Шал ақын ауданының 28 жастағы тұрғыны болған. Құжаттарды тексеру барысында ер адамның халықаралық іздеуде жүргені анықталды. Іздеуді жариялаған – Челябі облысы бойынша РФ ІІМ басқармасы.

Солтүстікқазақстандық жол-көлік оқиғасын жасауда күдікті болып саналады, апатта бір адам зардап шеккен. Қызылжар ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері ұсталғаннан жауап алды, іздеудің бастамашысына хабарлама жіберілді.

– Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізіліміне, деректер базаларына қосылған планшеттер патрульдік полицейлердің жұмыс тиімділігін айтарлықтай арттырады, – деді СҚО Полиция департаменті патрульдік полиция батальоны командирі Ерлан Мәдиев. – Жыл басынан батальон қызметкерлері бағдар парақтары бойынша 15 адамды, сондай-ақ халықаралық іздеуде жүрген бір адамды ұстады. 39 жүргізуші масаң күйде ұсталды. Бұдан бөлек, үш айдың ішінде патрульдік полицейлер екі қылмысты ашуға қатысып, рұқсат құжаттарынсыз тыйым салынған заттарды және тауарларды заңсыз тасымалдаудың 58 фактісін анықтады. Оның ішіндегі 13-і – ет өінмдерін тасымалдау және соншама мал тасымалдау фактісі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру