Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны атынан несие алған алаяқ ұсталды

Шымкент тұрғыны атынан несие алған алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz. 
29 сәуір күні Шымкент қаласы ПД Еңбекші аудандық полиция басқармасының “102” нөміріне қала тұрғыны арызданды. Ол өз арызында 29 сәуір күні сағат 15:00 шамасында Шымкент қаласында үй кезегіне тұру үшін интернет желісімен онлайн өтініш берген. Алайда оның атынан белгісіз біреу 2007 жылы 29 наурызында интернет желісі арқылы алаяқтық жолмен банктен 70 мың теңге несие ресімдегені белгілі болды.

Шымкент қаласы ПД Еңбекші аудандық ПБ Криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында 36 жастағы азаматты анықтап, ұстады. Тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру