Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Теміртауда ұрылар тобы кәсіпкердің құрал-жабдықтарын ұрлап кетті

Теміртауда ұрылар тобы кәсіпкердің құрал-жабдықтарын ұрлап кетті, – деп хабарлайды polisia.kz.

2 мамыр күні 44 жастағы кәсіпкер Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескі қалалық полиция бөліміне хабарласқан. Ол белгісіз біреулер құны 400 мың теңгені құрайтын топырақты басатын аппаратты ұрлап кеткенін айтты. Қылмыс орнында қалдырылған ізде полиция ұрлықты бірнеше адам жасады деп болжады.

Көп ұзамай полиция қызметкерлері 28, 33 және 56 жастағы үш ер адамды ұстады.

ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру