Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы полициясы азаматтарды балаларды бақылауға шақырады

Алматы полициясы азаматтарды балаларды бақылауға шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәжірибені ескере отырып, Алматы полициясы дабыл қағуда: балалармен байланысты оқиғалар, соның ішінде қайғылы салдары жиі кездеседі.

– Балалар – біздің қоғамның ең осал буыны. Өкінішке орай, сәбилер ата-аналардың әдеттегі немқұрайлығының кесірінен қиындықтарға тап болатын жағдайлар көп: бұл жазатайым оқиғалар, жол-көлік оқиғалары және қылмыстар. Мысалы, жылы ауа райының басталуымен көптеген қалалықтар пәтерлерінде терезелерін ашады, масаларға тор орнатады, бұл құрылғылар терезеге жақындағанда масалардан ғана емес, сонымен қатар, балалардан да қорғай алады деп жаңылысады. Мұндай жағдайлар, өкінішке орай, жеткілікті.  Сондықтан біз ересектерді балаларының қауіпсіздігіне үлкен жауапкершілікпен қарауға шақырамыз: оларға көзіңді алмай қарау керек, – деді Алматы қалалық ПД бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
Сонымен қатар, спикер кәмелетке толмағандарды қорғауға көмектесетін алдын алу шараларын айтты:
– терезелерге сенімді ұстағыш құрылғыларды орнатыңыз
– үй-жайдағы ашық отты болдырмаңыз
– көшеде және басқа да қоғамдық орындарда балаларды ертіп жүру
– бейтаныс адамдарға қатысты іс-әрекеті туралы балалармен түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру