Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ҰОС ардагеріне көмек көрсетті

Қызылордалық полицейлер ҰОС ардагеріне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицейлер ҰОС ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында ардагердің үй ауласына көшет, гүл отырғызып, қол-көмек көрсетіп, Ұлы Жеңістің 76 жылдығымен қарт ананы гүл шоқтарымен  құттықтады.

Қызылорда қаласы бойынша Ұлы Отан соғысында қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін КСРО медаль, ордендерінің иегері 92 жастағы Патымаш Абдреева әжеміздің үйінде болды. Тыл ардагері Патымаш әжеміздің баласы Асылхан Абдреев құқық қорғау саласының белді қызметкері.

Тыл ардагері Патымаш Адреева Қызылорда қалалық Полиция басқармасының басшылығы мен жеке құрамының еңбектеріне табыс тілей отырып,  алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру