Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте ойынхана карантинде келушілерді қабылдаған

Шымкентте ойынхана карантин кезінде келушілерді қабылдаған, – деп хабалайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері профилактикалық-рейдтік іс-шараларды жүргізу барысында “Gladiator” ойынханасы карантиндік шектеулерді бұзып, келушілерге қызмет көрсетіп жатқанын анықтады.

Жайт бойынша карантин режимінің талаптарын сақтамай, жұмысын жалғастырған ойынхана әкімшісінен түсініктеме алынып, жинақталған іс-құжаттар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру