Павлодар облысының тұрғыны өрттен құтқарған полицейлерге алғыс айтты
Павлодар облысының тұрғыны өрттен құтқарған полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Железин ауылының тұрғыны Руслан Каримовтан алғыс хат келіп түсті.
Руслан Каримов тәртіп сақшыларымен азаматтарды қамтамасыз етуде көрсетілген әрекеттер нәтижесінде өрттің алдын алған Железин ауданының полицейлеріне алғысын білдірді.
– 2021 жылғы 12 мамырда сағат 03:00-де тәртіп сақшылары Руслан Жүсіпов пен Куаныш Алин патрульдеу кезінде Железин ауылының Жамбыл көшесі бойында орналасқан менің үйімдегі құрылыс нысандары маңынан түтін шыққанын көрген. Тәртіп сақшылары дереу түрде кезекші бөліміне хабарлап, өрт шыққан жерге өрт сөндірушілерді шақырды. Өздері өрт сөндіруге кірісіп, бізді оятты. Полиция қызметкерлеріне мұқият болғандары үшін алғысымды білдіремін. Қызметтеріне табыс тілеймін, – деп жазды Руслан Каримов.