«AnyDesk» қосымшасы арқылы алаяқтық: Алматы полициясы бірқатар алаяқтықты ұйымдастырушыны ұстады
Алматы полициясы бірқатар алаяқтықты ұйымдастырушыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл – Қарағанды қаласының тұрғыны, 1997 жылы туған К.есімді азамат. Ол қылмыстарды Алматыда жүргенде жасаған.
– Қаскөйдің құрбандарының бірі ағымдағы жылдың мамыр айының ортасында қылмыстық желіге түсіп қалды. Белгісіз адам телефон арқылы сөйлескен кезде банктің атынан әрекет етіп отырғандығын айтып, қызға оның карточка шотымен күдікті аударымдар жүргізілгендігі туралы хабарлаған. Қауіпсіздік мақсатында ер адам жәбірленушіге «AnyDesk» қосымшасын ұялы телефонына жүктеуді ұсынды, соның көмегімен ол смартфонға және, тиісінше, мобильді банкинг қосымшасына қол жеткізді, сөйтіп жалған шоттарға заңсыз аударымдар жасады. Осы қылмыстық тізбектің нәтижесінде жәбірленуші 900 мың теңгеден айырылып қалды. Оның арызы бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөліміне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Рүстем Әбдрахманов.
К.есімді азамат, белгілі бір ақшалай сыйақы үшін оның шарттарымен келіскен бейтаныс немесе мүлде таныс емес адамдардың атына жалған шоттарды рәсімдегені анықталды. Осы карточкалық шоттардың иелері де Қарағандыда тұратындығы назар аудартады.
– Алаяқтық тізбекті ұйымдастырушыны криминалдық полиция қызметкерлері Түрксіб аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі әріптестерінің көмегімен ұстады. Ол ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр. Қазіргі уақытта құрбандарды анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізілуде. Барлық тәркіленген банктер мен СИМ карталар тексеріледі, – деді Әбдрахманов.