Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде жүргізуші 7 жасар баланы қағып кетті

Ақтөбеде жүргізуші жеті жасар баланы қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 шілде күні сағат 16:00 шамасында Ақтөбе қаласы Иманов көшесінде жол-көлік оқиғасы орын алды.

LADA Largus автокөлігінің 33 жастағы жүргізушісі реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан жеті жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.

Кәмелетке толмаған бала Ақтөбе облыстық балалар ауруханасына жеткізілді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті жүргізушілерді тұрғын үй аймағында және аула аумақтарында қозғалыс кезінде мұқият болуды ескертеді. Өз көлік құралдарын жол бойы мен балалар ойын алаңына қоюға болмайды, өйткені бұл көлік құралдары жаяу жүргінші мен жүргізушіге көріну көрінісін жабады. Жол ережелерін сақтаңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру