Бөгде адамның атынан 2 млн теңгеге несие алған балқаштық анықталды
Бөгде адамның атынан екі миллион теңгеге несие алған балқаштық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
25 мамырда 28 жастағы қала тұрғыны Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне жүгінді. Ол белгілі бір адамның алаяқтық әрекеттерінің құрбаны болғанын хабарлады. Алаяқ жәбірленушінің деректерін пайдаланып, екі миллион теңгеге несие алған. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
16 шілдеде жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні – 26 жастағы ер адамды ұстады. Ол кінәсін мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.