Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген қала тұрғыны ұсталды

Қызылордада мас күйде көлік тізгіндеген қала тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қызылорда қалалық Полиция басқармасымен  өткізілген «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде полицейлер 22 шілде күні белгіленген аймақта экипажбен аралау жұмыстарын жүргізген болатын. Қызметтерін атқару барысында Н. Назарбаев даңғылында Mercedes Benz маркалы автокөлігін жол қауіпсіздік ережелерін өрескел бұзғандығын, қатты жылдамдықпен жүріп, адам өміріне қауіп төндіргені анықталған.

Патрульдік полиция қызметкерлері аталған автокөлікті дереу тоқтатып, тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде сараптама қорытындысына сәйкес облыс орталығының тұрғыны «орта» дәрежеде масаң күйде көлік тізгініні белгілі болды.

Оған қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру – он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алуға және жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыруға алып келеді)  әкімшілік хаттама рәсімделді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру