Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері Белоусовка кентінің тұрғынынан есірткі тәркіледі

ШҚО полицейлері Белоусовка кентінің тұрғынынан есірткі тәркіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 12 шілдесінде Глубокое АПБ криминалдық полиция бөліміне жергілікті тұрғын есірткі заттарын өзімен бірге сақтауы мүмкін деген жедел ақпарат келіп түсті.

«Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында криминалдық полиция қызметкерлері Белоусовка кентінің аялдамасында тұрған 20 жастағы жергілікті тұрғынды дереу жеке тінту барысында, шортысының оң қалтасынан өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті заты бар қағаз түйіншекті тәркіледі.

Маманның қорытындысына сәйкес, алынған зат-салмағы 1,17 грамм «кептірілген марихуана» болып шықты.

Жауап алу барысында 20 жастағы жігіттің өткен жылдың тамыз айында Белоусовка кентінің шетіндегі далада жабайы қарасораны жұлып алғаны анықталды. Жігіт өз кінәсін мойындады. Ер адам есірткі затының сақталуы қылмыстық іс екенін біле тұра, оны сату мақсатынсыз жеке пайдалану үшін заңсыз сақтауға шешім қабылдаған.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру