Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Жұмысқа орналастырып беремін» : Қызылорадада 5 адамды алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды

Қызылордада бес адамды 3,5 миллион теңгеге алдап кеткен алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
31 шілде күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына төрт қала тұрғыны алаяқтың құрбаны болғанын айтып арызданған. Олардың айтуынша, белгісіз біреу мамыр айында олардың  сеніміне кіріп, «жұмысқа тұрғызамын» деп ақшаларын алдап алған. Күдікті жәбірленушілерден жұмыс ақысы үшін 2 млн. 725 мың теңге қаражатын алған. Алайда бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмыстары болмаған, не қаражаттарын кері қайтармаған.
Сол күні полицияға аудан тұрғынынан алаяққа алданып, осындай мазмұнда 800 мың теңгесін алып, алдап кеткені туралы тағы да шағым түседі. Полицейлер зерделеу жұмыстарын жүргізе келе арызданушылар бір қала тұрғынына алданғаны мәлім болды.
Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру шаралары барысында 38 жастағы қала тұрғынын ұстады. Ол тұрғындардың әр қайсысынан 500 мың және бір миллион теңге аралығында қаражат алған. Жалпы келтірілген шығын – 3 миллион 500 мың теңге.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3,4-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Қазіргі таңда күдікті әйелдің басқа да деректерге қатыстылығы анықталуда.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру