Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser жүргізушісі көз жұмды

Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан Toyota Land Cruiser жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

13 тамызда сағат 17.20-да «Покровка-Жаңажол» тас жолында жол-көлік оқиғасыорын алды.

Toyota Land Cruiser автокөлігінің 45 жастағы жүргізушісі Ақтөбе қаласы жағынан Темір ауданының Кеңқияқ кенті бағытында 21 шақырымында, темір қаласы маңындағы жергілікті маңызы бар «Покровка-Жаңажол « жолында автокөлігін басқара алмай, көлік құралының қозғалысы барысында оң жаққа аударылып кеткені анықталды.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды, ал 46 жастағы жолаушы Кеңқияқ ауылдық ауруханасына жатқызылды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі (Абайсызда адамөліміне әкеп соққан ЖҚЕ бұзу) бойынша тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру