Келес полицейлері құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын өз еліне қайтаруға үлес қосты
Келес полицейлері құжатсыз жүрген Өзбекстан Республикасының азаматын өз еліне қайтаруға үлес қосты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Келес АПБ-ға аудандық орталық ауруханасына денсаулығы сыр беріп, инсульт алып, ес-түзсіз, аты-жөні белгісіз азамат түскендігі жайлы хабарлама келіп түсті. Полицейлер ақпаратқа сәйкес, бұл егде жастағы ер адамның кім екенін анықтау жұмыстарын жедел атқарды. Науқастың қол-саусақ іздері арқылы оның Өзбекстан Республикасының азаматы екендігі белгілі болды.
Сұрастыру жұмыстары барысында бұл азаматтың Қазақстан Республикасына осыдан 20 жыл бұрын шекараны заңсыз бұзып өтіп келгені, содан өзінің жеке-басын куәландыратын құжаттарын жоғалтып алғаны анықталды. Сондықтан еліне қайта алмай, Шардара ауданында түрлі жұмыстарды жалданып істеп келгені айқындалды.
Осылайша, бұл тұрғын Келес аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметі тобының қызметкерлерімен анықталып, аудан полицейлері Өзбекстан Республикасының Елшілігіне аталған тұлғаны еліне қайтару үшін берілетін куәлікті алып беруге ықпал жасап, тиісті көмекті көрсетті. Полиция қызметкерлері Шымкент қаласындағы «Сана сезім» ұйымымен бірлесіп, ер адамның құжаттарын реттестірді. Соның арқасында жат елде жүрген азамат Өзбекстан Республикасына қайтарылды.
Николай Танигин бірнеше жылдан бері шешілмей келе жатқан мәселесін шешіп беріп, еліне қайтуға ықпал жасағаны үшін полицейлерге алғыс айтып, ризашылығын жеткізді.