Ақмола полицейлері адам ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізуде
Ақмола полицейлері адам ұрлау фактісі бойынша тергеу жүргізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 25 тамызында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ақмолалық полицейлер адам ұрлады деген күдікпен Атбасар қаласының екі тұрғынын анықтап, ұстады. Қылмыскерлердің құрбаны 33 жастағы жергілікті тұрғын 25 тамызда сағат 04.00-де Атбасар аудандық ауруханасына жабық бас сүйек-ми жарақатымен және бас миының шайқалуымен түсті.
Түнде қылмыскерлер жәбірленушіні гаражда ұстап, ер адамға дене жарақатын тигізгені анықталды. Атбасар АПБ криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері қаскүнемдерді “ізін суытпай” анықтап, ұстады. 33 және 40 жастағы Атбасар қаласының екі тұрғыны болып шықты, екеуі де бұрын ҚК 194-бабы, ҚК 188-бабы бойынша сотталған.
Қазіргі уақытта аудандық полиция бөлімінің тергеу бөлімі ҚР ҚК 125-бабының 2-бөлігі (Адам ұрлау) бойынша сотқа дейінгі іс бастады. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде