Ақтөбелік тұрғын ойыншық тапаншамен микрокредиттік ұйымды тонады
Ақтөбе қаласының тұрғыны қызметкерді ойыншық тапаншамен қорқытып, микрокредиттік ұйымды тонап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
(Микрокредиттік ұйымды тонау | 0:35 – 2:38)
Ер адамның микрокредиттік ұйымның кеңсесіне кіріп, 22 жастағы қызметкерді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, 74 000 теңгені ашық түрде ұрлап кеткен.
Оқиға орнына полицияның кешенді күштерінің жасақтары жіберіліп, жедел-іздестіру шаралары нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ұсталған азамат жасаған іс-әрекетін толығымен мойындады.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 191-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен «Тонау» сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар, күдікті қолданған тапанша ойыншық екені анықталды.