Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан 250-ден аса ұялы телефон ұрлығы тіркелді

СҚО-да жыл басынан 250-ден аса ұялы телефон ұрлығы тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ыңғайлы әрі қымбат гаджеттер —қылмыскерлерді қызықтыратын, оңай олжаның бірі. Полицейлер: телефон ұрлығы ішімдік ішкен кезде орын алатыны жиі кездесетінін атап өтті. Бұл жағдайда күдіктілер жәбірленушілердің бөтелкелестері болып жатады. Тамыз айының соңында қала тұрғынының бірінің пәтерінен 140 мың теңгенің «Huawei» маркалы ұялы телефоны ұрланған. Оның үйінде бұрын қылмыстық жауапқа тартылған танысы қонақта болған. Иесі мобильді құрылғыны қуаттандыруға қойған және танысы кеткеннен кейін оның жоғалғанын байқаған, сол күні оны Петропавл қ. ПБ Екінші полиция бөлімінің жедел уәкілдері ұстаған.

– Сонымен қатар ұялы телефондардың жиі жоғалатын жері – көңіл-көтеру орындары, — дейді СҚО ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Пётр Климов. — Көбіне ішімдікке тойған адамдар масаң күйде телефондарын жоғалтып, ұрлық туралы арызымен полицияға жүгінеді. Мұндай жағдайлар кримналдық стастикаға кірмейді, алайда олар бойынша толық көлемде жедел-іздестіру іс-шаралары өткізіледі. Өзге осыған ұқсас сценарий — жәбірленушілер телефондарын үстел үстінде қалдыруы. Қараусыз қалған затты өтіп бара жатқан біреулер қолды қылады. Орын алған ұрлықтың сол және өзге де жағдайларында қылмысты ашуда және ұрланғандарды табуда бейнебақылау камералары сенімді құрал болып табылады. Адамдардан қырағылық танытып, өз мүлкіне сақтықпен қарауды сұраймыз.

Жыл басынан Солтүстік Қазақстан облысында 255 ұялы телефон ұрлығы тіркелді. Оның қазіргі уақытта 77-сі ашылған жоқ, қалғандары бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары мен тергеу әрекеттері жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру