Алматы ПД: ондаған алматылық «үй жылыту шеберінен» зардап шекті
Ондаған алматылық «үй жылыту шеберінен» зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Мәселе өзін Самал ауданындағы тұрғын үйлерді жылытудың шебері ретінде көрсетіп, шамамен 20 алматылықты алдап кеткен 41 жастағы С.есімді азамат туралы болып отыр.
– Осыншама азаматтар ішкі істер органдарына ресми түрде арыз жазып жүгінген. Қандай да бір субъективті себептермен полициядан әлі көмек сұрамаған зардап шеккендер бар деп ойлаймыз. С.есімді азамат мына әдіспен әрекет еткен: ол интернетке тұрғын үйлердің самалдықтарын жылататындығы және терезелейтіндігі туралы жарнамаларды орналастырды. Жұмысқа кіріспес бұрын ол тапсырыстың жалпы сомасының кемінде 30 пайызын алдын-ала төлем ретінде талап еткен. Содан бері байланыстарын үзіп, тапсырыс берушілерден қашып жүрген, – деп хабарлады Әуезов аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімі бастығының орынбасары Зухраб Мырзағали.
Баяндамашының айтуынша, күдікті ұсталып, қамауға алынды. Оның әрекетін тергеу ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігі бойынша квалификациялады.