Шымкенттік тұрғын есірткілік масаң күйде көлік басқарған
Шымкенттік тұрғын есірткілік масаң күйде көлік басқарған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті ЖПҚБ Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері қызмет атқару барысында күмән тудырып, алдыңғы шамдарын жақпаған жүргізушіні байқап, тоқтауын сұраған. Mercedes маркалы көліктің жүргізушісі тоқтаған сәтте тәртіп сақшылары өзін таныстырып, мән-жайды сұрастырған. Алайда жүргізуші психикалық есірткіге ұқсас зат пайдалану нәтижесінде есірткілік масаң күйде болғаны анықталған. Осыған байланысты медициналық сараптамаға нәтижесіне сай арнайы қабылдау орнына жеткізілген.
Аталған жайт бойынша жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, түсіндірме жұмыстары жүргізілген.