Алматыда бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен жұп ұсталды
Алматыда бірнеше ұрлық жасады деген күдікпен жұп ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алмалы аудандық Полиция басқармасы КПБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында 24 жастағы астаналық және 23 жастағы Павлодар қаласының тумасын ұстады.
Ұсталғандар бірнеше ұрлық жасады деп күдіктелуде. Негізінде “жұп” дүкендерден ұрлық жасаған. Дүкендердің кіреберіс есігінің кілтін таңдап ашу арқылы ішіне кірген. Олар неғұрлым құнды заттарды “алып кетуге” тырысты, бірақ ақшаға артықшылық берілді. Сөйтіп, олар 23 қыркүйекте құлып кілтін таңдау арқылы ашып, Розыбакиев көшесінде орналасқан дүкенге кіріп, 65 000 мың теңгені жымқырған.
– Ұсталғандардың тергеу алдындағы тексеру кезінде Алмалы ауданының аумағында осыған ұқсас ұрлықтың 7 эпизодына қатысы анықталды. Күдіктілер ұрлыққа қатысы бар екендігін жоққа шығармайды. Бұл факт ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілген, – деді Алмалы аудандық Полиция басқармасының бастығы Есен Ысқақов.
Белгілі болғандай, С.есімді азаматтың бұрын заңмен мәселелері болған, осындай қылмысы үшін жазасын өтеген. Полиция “дуэттің” қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын тексереді. Қазір ұсталғандардың екеуі де уақытша ұстау изоляторында. Тәртіп сақшылары барлық қажетті тергеу амалдарын жүргізуде.