Павлодар облысында сервистік полиция әрекет етуде
Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров өңірдегі қоғамдық құқықтық тәртіпті сақтау және қылмысты алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция департаменті «халық үніне құлақ асатын мемлекет» – ашықтық, сенім деңгейін арттыру және халықпен кері байланыс орнату қағидаты бойынша жұмыс істейді.
– Бүгінде облыс бойынша полиция ведомосында 17 «Азаматтарға арналған қабылдау бөлмесі» жұмыс істейді, онда әрбір адам полиция қызметіне қатысты кез келген мәселе бойынша ақпарат ала алады. Азаматтарды жеке және «онлайн» режимде қабылдауға ерекше көңіл бөлінеді. Биыл мыңға жуық азамат қабылданды. Әрбір мәселе бақылауға алынды, әрбір іс бойынша тапсырмалардың орындалуы туралы Департамент басшылығы тыңдайды, – деді Жасқайрат Қайыров.
Мемлекет басшысының жолдауы аясында біздің облыс «сервистік модельге» көшу бойынша іс-шаралар қабылдауда, осыған байланысты «102»мобильдік қосымшасының көмегімен азаматтардың полицияға хабарламаларын қабылдаудың жаңа процесі енгізілді.
Бұл жүйе азаматтарға қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты полицияға әлеуметтік желілер, электрондық пошта және басқа мессенджерлер арқылы жіберуге мүмкіндік береді. Аудио, бейне қоңырау кезінде орналасқан жер автоматты түрде анықталады, бұл операторға жедел әрекет ету шараларын қабылдауға мүмкіндік береді. Облыстың көптеген тұрғындары осы жүйені пайдаланып үлгерді.