Павлодар облысында із-түссіз жоғалған әйелді өлтірді деген күдікті қолға түсті
Павлодар облысында із-түссіз жоғалған әйелді өлтірді деген күдікті қолға түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
– Хабар-ошарсыз кеткен 41 жастағы әйелдің дерегі бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу нәтижесінде жедел қызметкерлер 21 қазанда сағат 19.30-да Павлодар ауданы Мичурино ауылының шетіндегі орман жолағында зорлық-зомбылық белгілері бар әйелдің мәйітін тапты. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалып, тергеу шаралары жүргізілуде, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Полиция аталған қылмысты жасады деген күдікпен Шарбақты ауданының 32 жастағы тұрғыны анықталып, ұсталғанын атап өтті. Ер адам УҰИ-ға қамалды. Бұл қылмыстың мән-жайы мен себептері анықталуда.