Қызылордада мәжбүрлі еңбекті орындамаған ер адамның құжаттары сотқа жолданды
Қызылордада мәжбүрлі еңбекті орындамаған ер адамның құжаттары сотқа жолданды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
ҚР ІІМ-нің нұсқауына сәйкес, республика көлемінде «Учаске» профилактикалық іс-шарасы өтуде. «Учаске» профилактикалық шараның мақсаты – құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу, қызмет көрсетілетін әкімшілік учаскелердегі пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тұрғылықты мекенжайы бойынша тексеру, олар тарапынан жасалатын қайта қылмысты болдырмау, азаматтармен тығыз қарым-қатынас орнату.
Профилактикалық іс-шарасы барысында Арал аудандық прокуратурасы, аудандық пробация қызметкерлері, аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері бірлесіп, сотталғандардың мекенжайларынан тексеріп, сұхбат жұмыстарын жүргізуде.
Атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесінде сот жүктеген 100 сағаттық мәжбүрлі еңбегін орнындамай, тіркеуге келмей, заң талаптарына бағынбаған сотталғанның іс-құжаттарын бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыруға аудандық сотқа жолданды.