Павлодар облысының полициясында ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өтті
Павлодар облысының полициясында ҮЕҰ өкілдерімен кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Қазақстанның «Қоғам мен мемлекеттің тұрақты дамуы мүддесіндегі әріптестіктің 30 жылдығы» Х Азаматтық форумы қарсаңында Павлодар облысының Полиция департаментінде үкіметтік емес ұйымдар өкілдерімен полицейлердің кездесуі өтті. Кездесудің мақсаты – өткенге үндеу, бүгінді талдау және болашақты болжау.
– Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында ішкі істер органдары көптеген өзгерістерге ұшырады. Бұл, бірінші кезекте, құқықтық саясат тұжырымдамасы шеңберінде құқық қорғау жүйесін ауқымды реформалау, жаңа қылмыстық және қылмыстық іс жүргізу заңнамасын қабылдау және оны жетілдіру, құқық бұзушылықтардың кейбір құрамын қылмыстық сипаттан арылту және криминализациялау, сондай-ақ қылмыстық құқық бұзушылықтарды тергеу барысына прокуратура мен соттың қадағалау функцияларын күшейту, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімов.
Тәртіп сақшысы Мемлекет басшысының саясатын іске асыру аясында ПД азаматтық қоғаммен ашықтық қағидаттарында ауқымды серіктестік құрғанын атап өтті.
– Әріптестіктің 30 жылы ішінде қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету бойынша көптеген бірлескен шаралар қабылданды. Полиция қызметінің түрлі бағыттары бойынша ҮЕҰ-мен және волонтерлермен тығыз өзара іс-қимыл бойынша күнделікті жұмыс жүргізілуде – бұл шамамен 150 ұйым: қылмыстың алдын алу, нашақорлыққа қарсы іс-қимыл, жол қауіпсіздігі, жоғалған азаматтарды іздестіру бойынша. Олардың тәжірибесі мен білімдері халықтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге көмектеседі, – деп атап өтті Нұрлан Мәсімов.
Тәртіп сақшысы полицияға тән емес функцияларды басқа министрліктерге, ведомстволарға және бәсекелестік ортаға беру, сондай-ақ ІІМ мен оның аумақтық департаменттерінің құрылымын оңтайландыру жүргізілгенін атап өтті. Полицияны материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кадрлық құрамды нығайту, сондай-ақ полицейлердің еңбекақысы мен әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыру жақсарды. Ішкі істер органдарын жаңғырту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы шеңберінде халықтың полицияға деген сенім деңгейін арттыру және полицияны реформалау жалғасуда.
Салтанатты бөлімнен кейін белсенділер мен еріктілерді марапаттау рәсімі өтті. Құқық бұзушылықтың алдын алуға және полиция имиджін арттыруға белсенді қатысқаны үшін полиция ведомствосының басшысы Нұрлан Мәсімовтің қолынан Департаменттің грамотасын «Әділдік жолы» Павлодар облыстық филиалының басшысы Нұргүл Қайырденова, «Nur Otan» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы Санира Жүсіпова және бірқатар өңірлік белсенділер мен волонтерлер алды.Шара соңында Нұрлан Мәсімов облысымыздағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіндегі еңбегі, жанқиярлығы және көмек көрсетуге деген шынайы ықыласы үшін алғысын білдіріп, облыстық Полиция департаментінің үкіметтік емес және қоғамдық ұйымдармен, еріктілермен қызметі алдағы уақытта халықтың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталатынын атап өтті.