Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев жұмыс сапарымен Қызылорда облысына келді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Марат Қожаев Қызылорда облысының басшылығымен кездесті. Кездесу барысында полицияның сервистік моделін масштабтау мәселелері талқыланды.
Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Тасбөгет әкімдігінде мемлекеттік органдардың (денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қорғау, үкіметтік емес ұйымдар және т.б.) өкілдері қатарынан ведомствоаралық жобалау тобымен кездесіп, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сервистік тәсілдерін кезең-кезеңімен енгізу мақсатында құрылған жобалау тобының жұмыс орындарымен танысты.
Сапар барысында Марат Қожаев Қызылорда қаласындағы № 11 учаскелік полиция пунктіне барып, учаскелік полицейлердің жұмысы, құқық бұзушылықтың алдын алу мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, Қызылорда қалалық Полиция басқармасының әкімшілік ғимаратында орналасқан фронт-офистің және Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.
Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңде» атты Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауы барысында полиция жұмысына сервистік тәсілдерді енгізу арқылы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін құру міндетін қойды.
Халықаралық тәжірибе негізінде Ішкі істер министрлігі полицияның отандық сервистік моделін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізуде.
Полицияның сервистік моделі – бұл билік органдарына деген сенім мен қорғалу деңгейін арттыру мақсатында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін шешу бойынша полицияның, алдын алу субъектілерінің және жұртшылықтың бірлескен қызметі болып табылады. Сервистік модельді дамыту азаматтарлың полициямен байланысын және полицияға қол жеткізуін барынша жеңілдетуге бағытталған.
Жұмыс сапары соңында Марат Қожаев Қызылорда облысы ПД-ның әскери және арнайы дайындығы бойынша оқу-жаттығу полигонының жұмысымен танысты.
Бұл оқу-жаттығу полигоны – полицейлердің жан-жақты практикалық дайындығын ең жоғары деңгейде қамтамасыз ететін, кәсіби ерекшелігін ескере отырып, заманауи талаптарға сәйкес салынған бірегей кешен. 3 гектар аумақта орналасқан кешен заманауи талаптарға сай жабдықталған.
Бұдан бөлек, бүгінгі кездесу барысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың тапсырмасына сәйкес, Марат Қожаев Мемлекет басшысының Жолдауында алға қойған негізгі міндеттер туралы айтып өтті.
Өз кезегінде Полиция департаментінің бастығы Бектөре Сұлтан Қазақстан дамуының жаңа бағыттарын белгілеген Жолдаудың орындалуын қамтамасыз ету мақсатында жұмыс жасайтынын жеткізді.
– Полиция институты сервистік модель негізінде дамып келеді. Сервистік полиция халықаралық тәжірибеде азаматтарға сапалы полиция қызметтерін көрсетуге және қауіпсіздік мәселелерін шешуге бағытталған полиция қызметіне көзқарас. Сондықтан да осы тәсіл арқылы полиция қызметінде оң нәтижелер мен тиімділікке қол жеткізілетіні анық, – деді ПД бастығы Бектөре Сұлтан .