Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері бір аптада 4 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылықты анықтады

Ақмола облысында полицейлер «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу шарасы аясында 4 мыңнан астам ЖҚЕ бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

8-17 қараша аралығында Ақмола полицейлері аймақ аумағында «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасын өткізуде.

Жедел алдын алу іс-шарасы аясында полиция қызметкерлері 4 410 құқық бұзушылықтың жолын кесті, оның ішінде 235-і белгіленген жылдамдықтан асып кету фактісі, 62-сі мас күйінде көлік құралын басқару фактісі.

Сонымен қатар, көлік құралдарын жүргізу кезінде ұялы телефондарды пайдаланғаны үшін 192 жүргізуші, ал 434 жаяу жүргінші жол ережесін бұзғаны үшін жазаланды. Тиісті рұқсатсыз көлік құралдарын қайта жабдықтаудың 29 фактісі, сондай-ақ жолаушыларды заңсыз тасымалдаудың 28 фактісі анықталды.

Басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің автокөліктерін басқарғаны үшін 17 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, басқару құқығы жоқ адамдардың көлік құралдарын басқаруының 62 фактісі анықталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру