Ақтөбе облысында бір тәулікте 4 мал ұрлығы дерегі тіркелді
Ақтөбе облысында бір тәулікте төрт мал ұрлығы дерегі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақтөбе облысының аумағында мал ұрлығының алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 15-24 қараша аралығында «Мал ұрысы» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара аясында кезекшілік тәулікте мал ұрлығының төрт фактісі, сондай-ақ бұрын жасалған төрт қылмыс ашылды, оның ішінде «өткен жылдар» санатындағы екі қылмыс та бар.
Сегіз бас мал ұрланған, оның үшеуі табылған. Жедел іс-шараларды өткізу барысында мал ұрлығын жасаған екі қылмыстық топ ұсталды (барлығы жеті адам).
Криминалдық полиция басқармасының қорытындысы бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 406-бабы бойынша 92 құқық бұзушылық тіркелді, тиісті құжаттарсыз ет өнімдерін тасымалдаудың 70, тиісті құжаттарсыз мал және ет өнімдерін сатудың 22 дерегі анықталды. Ветеринарлық қызметтерге әкімшілік хаттама толтыру үшін 59 материал жолданды.
Мал жаю ережелерін бұзудың 98 дерегі анықталды, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп құрылған мамандандырылған қораларға 1018 ауыл шаруашылығы малдары қамалды.