Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Самара-Шымкент» автожолындағы жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды

«Самара-Шымкент» автожолындағы жол апатынан жеңіл көлік жүргізушісі көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгін 25 қараша күні сағат 11:30-да «Самара-Шымкент» автожолының 932 шақырымындағы Белқопа кентінің жанындағы жол апаты орын алды.

Honda автокөлігінің жүргізушісі арақашықтықты есептемей, баса озу маневрын жасап, нәтижесінде DAF (фура) жүк автомашинасымен соқтығысқан.

ЖКО салдарынан Honda автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды, жүргізуші түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды.

Осыған байланысты, құрметті жүргізушілер, жол жүру ережелерін қатаң сақтауды,  жылдамдықты шамадан тыс асырмауды, қарсы қозғалыс жолағына шықпауды талап етеміз. Есіңізде болсын, сізді үйде жақындарыңыз күтеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру