«АӘК алуға көмектесемін» деп танысын алдаған шымкенттік ұсталды
«АӘК өндіріп беремін» деп 100 000 теңгені алаяқтық жолмен иемденген азамат анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент қаласы Полиция департаменті Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы сеніміне кіріп, мемлекет тарапынан берілетін атаулы әлеуметтік көмекті алып беремін деп, алаяқтық жолмен 100 000 теңге ақшасын иемденіп кеткенін жазып көрсеткен. Алаяқтың сөзіне сенген жәбірленуші аталған соманы беріп, алданып қалған.
Қаратау ауданы Полиция басқармасы қызметкерлерінің жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жергілікті тұрғын анықталып, басқармаға жеткізілді. Оның басқа да алаяқтық жайттарына қатысы бар-жоғы анықталуда.