Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Абай ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін қорқытқаны үшін жазаланды

Абай ауданының тұрғыны бұрынғы әйелін қорқытқаны үшін қоғамдық жұмысқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Абай облысы Үржар ауданының 36 жастағы тұрғыны бұрынғы әйелінің дәмханада отырғанын көріп, әйелі болған дәмханаға кірген. Бұрыңғы әйелінің кәмелетке толмаған екі баласын үйде жалғыз қалдырғанына ашуланған, ер адам үстелден шанышқыны алып, әйелінің денсаулығына қауіп төндірген.

Құрбысының денсаулығына қауіптенген бойжеткендер дәмхана әкімшілігін көмекке шақырса, олар полиция шақырған.
Осылайша, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 115-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған. Жаза тағайындау кезінде сот ер адамның өз кінәсін толық мойындағанын, жәбірленушінің кешірілгенін және 3-топтағы мүгедек екенін ескеріп, 60 сағат мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындаған.

– Сотталған азамат ауылдық округ әкімдігінде сыпырушы болып жұмысқа орналасқан, осы уақытқа дейін сот белгілеген 30 сағаттан астам жұмыс істеген, – дейді Үржар аудандық N1 пробация қызметінің аға инспекторы Елдос Ерденбеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру