Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

”Абай деп атымды атам қойған”: Түркістан облысында полицей есімінің тарихымен бөлісті

Түркістан облысында полицей есімінің тарихымен бөлісті, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Ұлы ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына орай жыл басынан бері елімізде түрлі әдеби, мәдени іс-шаралар өтіп, ойшылдың рухани мұралары кеңінен насихатталуда. Артына өшпес мұра қалдырған ақын Абай мұрасы кейінгі ұрпаққа рухани қазына болып қала бермек. Ұлы ақынның құрметіне Абай есімін қою да ойшылға деген үлкен сүйіспеншіліктің белгісі болса керек. Осындай хәкім есімін иеленген азаматтардың қатарында Түркістан облысы полиция департаментінің жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының аға инспекторы Абай Маханбетов те бар.

Абай Еркеғалиұлы 1995 жылы Абайдың 150 жылдық мерейтойы қарсаңында дүниеге келген. Түркістан облысы, Мақтаарал ауданының тумасы. Мерейтойда дүние есігін ашқан немересіне атасы Абай есімін ардақтап қойған. Бүгінде орда бұзар жасқа келген отағасы бұл есімге барынша кір келтірмей, абырой биігінен көрінуді өзіне мақсат еткен.

— Абай атамыздың өлеңдері мен ой салар қара сөздері кейінгі ұрпаққа қалған мол рухани қазына деп білемін. Осындай әлем таныған ойшыл ақынның есімін алу - бұл үлкен жауапкершілік. Атымды Абай деп атам қойғандықтан, ата үмітін ақтауға да барымды саламын. Абай атамыздың адамгершілік жайында айтқан нақыл сөздері менің басты ұстанымдарымның бірі болмақ,-дейді Абай Маханбетов.

2017 жылдан бері Ішкі істер органдары саласында қызмет атқарып келе жатқан Абай Еркеғалиұлы жарымен бірге екі ұл, бір қыз өсіріп, тәрбиелеуде. Ұл-қыздары да Абай аталарының өсиет өлеңдерін жадында тоқып өссе деген ниетте.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру